Жәнібек А. Б. медицина қызметкерлері Жәнібек, Қамысты, Тау, Талов, Ұзынкөл, Ақоба, Күйгенкөл, Борсы, Жақсыбай, Тегісшіл ауылдарында ата-аналар, жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерге Комирнати вакцинацияға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді

«Дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану. Дәрілік сауаттылық және УПП-ны тежеу, клиникалық фармакологтар қауымдастығы және АМУ-мен дайындаған»

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

хатына қосымша

 

Анонс

 

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысып, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

«Құрмет» орденімен марапатталған белгілі ғалымдар, қоғам және мәдениет қайраткерлері, өндіріс пен әлеуметтік сала өкілдерімен бірге мемлекеттік награда Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке де тапсырылды.

 

Тәуелсіздік күніне орай ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен салтанатты жиналыста білім және ғылым саласы өкілдеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар тапсырылды. «Парасат» ордені «Өрлеу» АҚ Басқарма төрайымы Гүлназ Ахметоваға, ҚР БҒМ Қоғамдық Кеңесінің мүшесі Геннадий Гамарникке, әль-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Тілекқабыл Рамазановқа тапсырылды.  

 

Сонымен қатар, сала қызметкерлері «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді. Сондай-ақ, білім және ғылым саласы қызметкерлеріне мемлекеттік және атаулы премиялар мен ҚР БҒМ Құрмет грамоталары табысталды.

 

«Еліміздің барлық педагогтары мен ғалымдарын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық пен еңбектеріңіздің жемістілігін тілеймін, – деді министр Е. Сағадиев, -  Білім және ғылым саласының қызметі бәріміздің қаншалықты табанды еңбек етуімізге байланысты. Белгілі американдық қоғам қайраткері Генри Дэвид Торо былай деген екен: «Нағыз адамдар еліне шын ұжданымен қызмет етеді». Мен әрқайсыңыздың шынайы патриот ретінде сүйікті отанымыз – Қазақстанның өркендеуі үшін еңбектенетініңізге кәміл сенімдімін».