«Дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану. Дәрілік сауаттылық және УПП-ны тежеу, клиникалық фармакологтар қауымдастығы және АМУ-мен дайындаған»

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

хатына қосымша

 

Анонс

 

Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.

Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 7-бабының 62) тармақшасына және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

 

А. Цой

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

2020 жылғы 8 желтоқсандағы

№ ҚР ДСМ-242/2020

бұйрығына 1-қосымша

 

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде

медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу

қағидалары

 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 7-бабының 62) тармақшасына және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - МӘМС туралы Заң) 34-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды.
  2. ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.

МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алуды қор жүзеге асырады.

ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және көрсетілетін қызметтер көлемін және (немесе) қаражат көлемін орналастыру (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді сатып алу) арқылы жүзеге асырылады.

  1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) апелляциялық комиссиясы - ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша туындайтын мәселелерді қарау үшін қор немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері құратын тұрақты жұмыс істейтін орган;

2) бірлесіп орындаушы - ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына (бұдан әрі - дерекқор) енгізілген, жасасқан көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттемелерінің бір бөлігін орындау үшін бірлесіп орындау шартын қызметтер беруші жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

3) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспары - денсаулық сақтау ұйымдарының бұрыннан бар желісі, жоспарланып отырған қайта құрылымдау (ашу, біріктіру, жабу, қайта бейіндеу) жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ денсаулық сақтаудың жаңа объектілеріне қажеттілік және инвестицияларды жоспарлау туралы ақпаратты көрсететін өңірдің инфрақұрылымын дамытудың ұзақ мерзімді жоспары;

4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасын саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

5) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

6) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

7) дерекқор - Кодекстің 7-бабы 67) тармақшасының негізінде бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу тәртібіне (бұдан әрі - Есепке алу қағидалары) сәйкес қор қалыптастыратын ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі;

8) жаңадан іске қосылған денсаулық сақтау объектісі - денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына енгізілген және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алғаш рет пайдалануға қабылданған жаңадан салу арқылы немесе қолданыстағы объектіні өзгерту арқылы алғаш рет ашылған объект;

9) жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет - диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурсты қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін қызмет;

10) қор - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

11) қордың активтері - қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі аударымдар және жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, қорға түсетін өзге де түсімдер;

12) қордың күтпеген шығыстарға арналған резервтері - ай сайынғы негізде қалыптастырылатын жабу кезеңінде күтпеген шығыстарды қаржыландыру үшін қордың ағымдағы қаржы жылына көзделген, қаражаты;

13) қордың филиалы - қордың тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшесi;

14) көрсетілетін қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу веб-порталы (Қағидаларға қатысты) - ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін ақпараттық жүйе (бұдан әрі - веб-портал);

15) құжаттың электрондық көшірмесі - құжаттың түпнұсқа түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

16) қызметтер беруші - қор немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;

17) МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек - қордың активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтер тұтынушыларға ұсынылатын медициналық көмек көлемі;

18) медициналық ақпараттық жүйе - денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;

19) медициналық көмек - дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

20) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкестік деңгейі;

21) медициналық көрсетілетін қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;

22) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган - медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында басшылықты, медициналық көрсетілетін қызметтердің (көмектің) сапасын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

23) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі (бұдан әрі - МСАК субъектісі) - «Бекітілген халық тіркелімі» (бұдан әрі - БХТ) порталында тіркелген бекітілген халыққа ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;

24) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары, мiндеттерi және жауапкершiлiгi, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының өзге де талаптары айқындалатын жазбаша келiсiм;

25) өндірістік база - Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілген лицензияға қосымшаға сәйкес медициналық қызметтер көрсету орны;

26) республикалық денсаулық сақтау ұйымдары - уәкілетті органның қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдары, дербес білім беру ұйымының денсаулық сақтау ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары;

27) тәуелсіз сарапшы - уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін және тәуелсіз сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға;

28) ТМККК қосымша қамтамасыз ету бойынша қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) - ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;

29) ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) - ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуді көздейтін, қор мен денсаулық сақтау субъектісі арасындағы жазбаша нысандағы келісім;

30) цифрлық денсаулық сақтау субъектісі (Қағидаларға қатысты) - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және денсаулық сақтау субъектілерімен ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты қоса алғанда, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттық-техникалық сүйемелдеу бөлігінде цифрлық денсаулық сақтау саласында қызметті жүзеге асыратын немесе қоғамдық қатынастарға түсетін заңды тұлға;

31) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

32) электрондық цифрлық қолтаңба- электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

 

 

2-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу тәртібі

 

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті орган (бұдан әрі - денсаулық сақтау басқармасы) айқындаған COVID-19 коронавирусы таралуының алдын алу және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар және COVID-19 коронавирусына және (немесе) вирустық пневмонияға күдікті науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектісінен немесе медициналық емес ұйымнан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қор медициналық қызметтерді сатып алу жоспары шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсімдерін өткізбей жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау басқармасы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тізбе бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тізбені қордың филиалына жібереді.

COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар, COVID-19 коронавирусына және (немесе) вирустық пневмонияға күдікті науқастарды емдеу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған қызметтерді сатып алу шартының қолданылуы қызметтерді көрсету басталған күннен бастап кезеңге қолданылады.

  1. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу мынадай:

1) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтердің көлемдерін жоспарлау;

2) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер көрсету үшін денсаулық сақтау субъектілерін таңдау;

3) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасу;

4) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын орындау кезеңдерінен тұрады.

  1. Медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды ТМККК шеңберінде немесе МӘМС жүйесінде қызметтерді сатып алудың жоспары негізінде жүзеге асырылады.
  2. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көлемін жоспарлау тәртібі Кодекстің 7-бабы 63) тармақшасының негізінде бекітіледі.
  3. Денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және олардың арасында көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру үшін қор немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастыру жөніндегі комиссиялар (бұдан әрі - комиссия) құрады.

Қордың орталық аппараты жанында республикалық комиссия құрылады, қор филиалдары жанында өңірлік комиссиялар құрылады.

  1. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.
  2. Комиссия құрамы қордың (немесе) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шешімімен:

1) қордың;

2) қордың республикалық комиссияның құрамына енгізу үшін уәкілетті органның;

3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің жанындағы комиссияның немесе өңірлік комиссияның құрамына енгізу үшін денсаулық сақтау басқармасының;

4) «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі - «Атамекен» ҰКП) және (немесе) пациенттердің, денсаулық сақтау субъектілерінің немесе медицина қызметкерлерінің мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі - ҮЕҰ);

5) өңірлік комиссияның немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің жанындағы комиссияның құрамына енгізу үшін медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің;

6) цифрлық денсаулық сақтау субъектісінің өкілдері қатарынан құрылады.

Кандидатуралар келесі қаржы жылына арналған комиссияның құрамын қалыптастыру үшін сұрау салу келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ресми хатпен ұсынылады.

  1. Комиссия құрамына енгізу және жыл ішінде комиссия құрамынан мүшелерді шығару комиссия мүшесін ұсынатын ұйымның жазбаша растауы негізінде жүзеге асырылады.
  2. Шешім қабылдауға құқығы бар және сатып алуға үміткер денсаулық сақтау субъектісінің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын комиссия мүшесі (не оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары) аталған денсаулық сақтау субъектісінен өтінімдер келіп түскен денсаулық сақтау субъектілерді таңдау және қызметтерді орналастыру рәсіміне қатысу кезінде алып тастау туралы жазбаша түрде өтініш ұсынады.
  3. Қордың жанындағы комиссия төрағасы және комиссия төрағасының орынбасары қордың лауазымды адамдары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің жанындағы комиссиясы үшін - бюджеттік бағдарламалардың әкімшінің лауазымды адамдары болып табылады.

Комиссия төрағасы комиссияның қызметін басқарады, оның жұмысты жоспарлайды.

Төраға болмаған уақытта оның функцияларын комиссия төрағасының орынбасары жүзеге асырады.

  1. Республикалық немесе өңірлік комиссияның ұйымдастырушылық қызметін қор қызметкерлері қатарынан, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің жаңындағы комиссияның - бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің қызметкерлері қатарынан хатшы қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.
  2. Комиссияның шешімі, егер шешім қабылдауға оның құрамына кіретін мүшелердің үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып есептеледі.

Комиссияның шешімдері хаттамалармен ресімделеді.

Комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады және комиссияның қатысқан мүшелерінің жай көпшілігі дауыс берген болса, қабылданған деп есептеледі.

Дауыстар тең бөлінген жағдайда, комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын адамның даусы шешуші болып табылады.

Комиссия мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесі жазбаша немесе электрондық түрде ерекше пікір ұсынады.

  1. Комиссия мүшесі қатарынан үш рет дауыс беруде қатыспаған жағдайда, қор немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тиісті өкілдікке басқа кандидатурамен алмастыру туралы ұсыныс енгізеді.
  2. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызметтер көлемін орналастыру үшін денсаулық сақтау субъектілерін таңдауды осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында жүзеге асырылады.

Дерекқорды қалыптастыру тәртібі Кодекстің 7-бабы 67) тармақшасының негізінде бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін есепке алуды жүргізу қағидаларымен айқындалады.

  1. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және қызметтер көлемін орналастыру веб-портал арқылы немесе қағаз нысанда жүзеге асырылады.
  2. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге көрсетілетін қызметтердің көлемі және (немесе) қаражаттың көлемі мынадай кездерде сатып алу жоспарының шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсімдерін өткізбей орналастырылады:

1) қызметтерді сатып алу шарттары жасалған денсаулық сақтау субъектілері арасында орналастыру кезінде Кодекстің 7-бабы 67) тармақшасының негізінде бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ұсынылатын медициналық көрсетілетін қызметтерге тарифтер өзгерген жағдайларда;

2) уәкілетті органның шешімі бойынша пилоттық жобалар іске асырылған;

3) дерекқорға енгізілген, жаңадан енгізілген денсаулық сақтау объектісі бар және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқық актілердің нормаларына сәйкес келетін МСАК денсаулық сақтау субъектісінің МСАК қызметтерін, халықтың нысаналы топтарына скринингтік зерттеулерді және профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу кезінде қызметтерін және ақы төлеу бекітілген халыққа есептегенде жүзеге асырылатын консультациялық-диагностикалық көмек қызметтерін сатып алуға алғашқы қатысуы;

4) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес қайта ұйымдастырылатын қызметтерді сатып алу шартын жасаған денсаулық сақтау субъектісі қормен немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан оның қызметінің тиісті кіші түрлері бойынша медициналық қызметке лицензиясы бар жағдайда денсаулық сақтау субъектісіне міндеттемелерінің құқық мирасқорлығы жағдайларында денсаулық сақтау субъектісін қайта ұйымдастырған;

5) МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне бекітілген халықтың саны өскен және (немесе) бекітілген халықтың жастық-жыныстық құрылымы өзгерген және (немесе) МСАК субъектілеріне бекітілген оқушылар саны өскен;

6) кешенді тариф бойынша немесе жан басына шаққандағы норматив бойынша төленетін медициналық көмек көрсеткен кезде науқастардың саны өскен;

7) кешенді жан басына шаққандағы нормативіне кіретін қызметтер немесе қаражат, сондай-ақ ақы төлеу кешенді тариф бойынша немесе жан басына шаққандағы норматив бойынша жүзеге асырылатын медициналық көмек көрсету кезінде нақты шығындар бойынша төленетін қызметтер көлемінің және шығыстардың ұлғаюы;

8) «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл елді мекенге жататын кешенді жан басына шаққандағы нормативі бойынша төленетін денсаулық сақтау субъектілерімен халыққа көрсетілетін стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайындағы медициналық көмекке көлемі немесе қаражаттың ұлғайту;

9) ТМККК шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелге емделуге медициналық көмек көрсету және (немесе) отандық медициналық ұйымдарда емдеу үшін шетелдік мамандарды тарту үшін қызметтерін сатып алған;

10) 2010 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында Байқоңыр ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге сәйкес Ресей Федерациясының федералдық медициналық ұйымдары Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай кенттерінде тұратын, «Байқоңыр» кешені ресей ұйымдарының жұмыскерлері болып табылмайтын, сондай-ақ «Байқоңыр» кешені аумағында уақытша болатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызметтер көрсетуі;

11) қордың күтпеген шығыстарға резервінің есебінен денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтер көрсету;

12) COVID-19 коронавирусының таралуын болдырмау және (немесе) COVID-19 коронавирусы бар, COVID-19 коронавирусына және (немесе) вирустық пневмонияға күдікті науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсету;

13) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай қолданылған кезеңде қызметтер көрсету;

14) егер тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнының шығыстарында қажеттілігі көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартының сомасынан асып кеткен жағдайда осы шарттар жасалған мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы денсаулық сақтау субъектілеріне облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті бюджетінің қаражатынан жергілікті өкілді органның шешімі бойынша өтеу кезде;

15) әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, орталық атқарушы органдар мен өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерініңмедициналық (медициналық) бөлімшелерінің қызмет көрсеткен кездерде;

16) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен бекітілген ТМККК тізбесіне және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысымен бекітілген МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек тізбесіне өзгерістер немесе толықтырулар енгізу кезінде. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген тізбелердің өзгеруіне байланысты қызметтердің босатылған көлемін орналастыру сол денсаулық сақтау субъектілеріне босатылған қаражаттан аспайтын көлемде жүзеге асырылады..Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі және (немесе) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған қаражат көлемі және (немесе) қызметтер көлемі және (немесе) қаражат көлемі комиссия шешімінің негізінде орналастырылатын 3), 10), 15) және 16) тармақшаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарын немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына қосымша келісім жасасу түрінде орналастырылады.

  1. Алдағы қаржы жылына арналған ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтердің көлемін орналастыру үшін дерекқордан денсаулық сақтау субъектілерін таңдау жыл сайын жүргізіледі және мынадай дәйекті кезеңдердің жиынтығын білдіреді:

1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

дерекқорға енгізілген МСАК субъектілерінің қатысуымен бекіту науқанын өткізу және өңірлік комиссиямен бекіту науқанының қорытындысын шығаруы (МСАК қызметтерді сатып алу кезінде);

дерекқорға енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізу туралы хабарландыру жолымен хабарламасы;

денсаулық сақтау субъектілерінің осы Қағидалардың 27 - тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мәлімделген кезеңге ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінім беруі (бұдан әрі - жоспарланған көлемге өтінім);

денсаулық сақтау субъектілерінің көлемдерді орналастыруға рұқсат беру талаптарына сәйкестік (сәйкессіздік) хаттамасын қалыптастыра отырып, комиссияның жоспарланған көлемдерге өтінімдерді ТМКК шеңберінде және немесе МӨМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемін орналастыру рәсіміне жіберу үшін қойылатын МӘМС туралы Заңның 34-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарға (МӘМС жүйесінде қызметтерге өтінім берген кезде) және осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға (бұдан әрі - көлемдерді орналастыруға рұқсат беруге арналған талаптар) сәйкестігін қарауы;

көлемдерді орналастыруға рұқсат беруге арналған талаптарға сәйкес келтірілген жоспарланған көлемдерге өтінімдерді қайта қабылдау және тіркеу;

комиссияның денсаулық сақтау субъектілері ұсынған өтінімдерді қайта қабылдағаннан кейін қарауы және денсаулық сақтау субъектілеріне ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемін орналастыруға рұқсат беруі;

2) екінші кезеңде келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

қызметтер көлемін орналастыру және ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер көлемін орналастыру (орналастырмау) қорытындылары туралы хаттамаға қол қою;

ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтер көлемін орналастыру (орналастырмау) қорытындылары туралы хаттамасы негізінде денсаулық сақтау субъектілерімен қызметтерді сатып алу шарттарын жасасу;

ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде қызметтерді сатып алу шартын орындау.

  1. МСАК субъектілерінде қызметтерін сатып алу кезінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде МСАК қызметтерінің көлемдерін орналастыру Кодекстің 123-бабының 4-тармағының негізінде бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту тәртібіне (бұдан әрі - Бекіту қағидалары) сәйкес МСАК қызметтерін көрсету жүзеге асырылатын алдыңғы қаржы жылындағы жылдың 15 қыркүйегінен 15 қарашасына дейінгі кезеңде дерекқорға енгізілген МСАК субъектілерінің қатысуымен жыл сайынғы бекіту науқанын өткізуді қамтиды.
  2. Бекіту науқанының басталғаны туралы ақпарат қордың және денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында орналастырылады.
  3. Бекіту науқанының қорытындылары бойынша Бекіту қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау басқармасының халыққа қызмет көрсету аумағын бөлу туралы бұйрығы негізінде бекіту науқанына қатысқан әрбір МСАК субъектісіне БХТ порталында бекітілген халықтың саны туралы цифрлық денсаулық сақтау субъектісі растаған деректер негізінде бекіту науқаны аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау рәсіміне және көрсетілген қызметтер көлемдерін бөлуге жіберілетін (жіберілмейтін) МСАК субъектілерінің тізбесін айқындайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықты медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанын өткізу қорытындылары туралы хаттама (бұдан әрі - бекіту науқаны қорытындыларының хаттамасы) түрінде шешім қабылдайды.
  4. Денсаулық сақтау басқармасының халыққа қызмет көрсету аумағын бөлу туралы бұйрығы негізінде дерекқорға енгізілген және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің нормаларына тиісті, жаңадан енгізілген МСАК объектілері бар денсаулық сақтау субъектілеріне қызметтердің және қаражат көлемін орналастыру туралы шешім қабылдайды және осы шешімді ТМККК-де және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған қызметтер көлемін орналастыру (орналастырмау) қорытындылары туралы комиссияның хаттамасы түрінде ресімдейді.
  5. Қор немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі веб-порталында дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында ТМККК шеңберінде және МӨМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге қызметтердін көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруды (бұдан әрі - хабарландыру) орналастырады.

ТМККК шеңберінде және МӨМС жүйесінде қызметтердін көлемін орналастыру рәсімдерін қордың немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісінің интернет-ресурсында қағаз нысанда өткізу кезде ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыруды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орналастырады.

Денсаулық сақтау басқармалары денсаулық сақтау субъектілерін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін қызметтер көлемін орналастыруды өткізу туралы веб-порталға немесе қордың интернет-ресурсына сілтеме орналастыру арқылы өздерінің интернет-ресурстарында орналастыруды жүргізуі туралы хабардар етеді.

  1. Денсаулық сақтау субъектілері, оның ішінде бекіту науқан қорытындыларының хаттамасымен денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсіміне жіберілген МСАК субъектілері, веб-портал арқылы оларды ашу мерзімі өткенге дейін денсаулық сақтау субъектісі басшысының немесе уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық түрде жоспарланатын көлемдерге өтінімдерді веб-портал арқылы береді.

Жоспарланған көлемге өтінім өтінім берген денсаулық сақтау субъектісіне веб-порталмен тиісті хабарламаны автоматты түрде жіберген сәтте қабылданған болып есептеледі.

Қағаз форматта денсаулық сақтау субъектілері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінім береді.

  1. Жоспарланған көлемдерге өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі (анықтама) (заңды тұлғалар үшін)) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (анықтама) және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

 

Толығырақ оқу...