Жәнібек А. Б. медицина қызметкерлері Жәнібек, Қамысты, Тау, Талов, Ұзынкөл, Ақоба, Күйгенкөл, Борсы, Жақсыбай, Тегісшіл ауылдарында ата-аналар, жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерге Комирнати вакцинацияға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді

«Дәрі-дәрмектерді дұрыс қолдану. Дәрілік сауаттылық және УПП-ны тежеу, клиникалық фармакологтар қауымдастығы және АМУ-мен дайындаған»

АҚШ пен Израильде тәжірибеден өткізілген Pfizer вакцинасы өте тиімді, әрі қауіпсіз. Кейбір мемлекеттерде екпені 5 жастағы балаларға да алып жатқан көрінеді. Ал Қазақстанда 12 жастан бастап егіледі. Дей тұрғанмен, денсаулық сақтау саласының мамандары алғашында 16 жастан асқан балаларды вакциналауды жөн көрген. Атап өтейік, балалар және жасөспірімдерге екпе салу міндетті түрде ата-анасының немесе заңды өкілдің рұқсатымен ғана жүргізілетін процедура.

Екпе алып шыққан жасөспірімдер дәрігердің қарауында жарты сағаттай болады. Содан кейін ғана үйлеріне қайтарылады.