Соңғы жылдары әлемде кең таралып, көптеген адамдардың ауруға шалдығуына, сондай-ақ көптеген адамдардың қайтыс болуына себеп болған – Коронавирус COVID-19 індеті адамзат тарихындағы аса қауіпті аурулардың санатына жатқызылғандығы мәлім.
Ғылыми зерттеулер мен медициналық тәжірибелердің қорытындыларына сай кез-келген ауруды алдын алуда ауруларға, соның ішінде COVID-19 індетіне қарсы екпе жасау әдісі жоғары тиімділігін көрсетті.
Осыған байланысты аудандық ауухана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен балаларға арналған түсіндіру шарасы өткізіліп, шара барысында COVID-19 індетінің қауіптілігі мен оның таралу жолдары туралы түсіндіріліп, ауруға қарсы екпенің пайдасы мен оны қолдану әдістері жөнінде толыққанды мәліметтер берілді.
https://crbjanibek.testim.kz/kz/zha-aly-tar/322-profilaktika-koronavirusa-2.html#sigFreeIdb4d3641975
















